Алматы-біздің ортақ үйіміз/Алматы - наш общий дом » Лицей №71
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№71 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
7 727 223 4468
Есепші бөлімі
7 727 223 4743
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Алматы-біздің ортақ үйіміз/Алматы - наш общий дом
09
сәуір
2024

Алматы-біздің ортақ үйіміз/Алматы - наш общий дом

Тоқаев әкімдерге жолдар мен абаттандыру бойынша тапсырмалар берді.
Мемлекет басшысы су тасқынынан зардап шекпеген облыстар мен қалалардың әкімдеріне көшелерді тазарту, елді мекендердің аумақтарын көгалдандыру және абаттандыру жөніндегі науқанды бастауды тапсырды. Сондай-ақ, жолдарды ретке келтіру тапсырылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жұмысқа тұрақты негізде тұрғындар мен еріктілерді тартудың маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, әкімдердің қызметі елді мекендер мен қоғамдық кеңістіктердің сыртқы түрі бойынша да бағаланатын болады.

Жалпы, өңірлердің басшылары қалаларды лайықты және тартымды жағдайда ұстау мәдениетін енгізумен айналысуға тиіс.

Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телефон арқылы Ақмола, Ақтөбе, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары әкімдерінің баяндамаларын тыңдаған болатын.

Токаев дал поручения акимам по дорогам и благоустройству.
Глава государства поручил акимам областей и городов, не затронутых паводками, начать кампанию по очистке улиц, озеленению и облагораживанию территорий населенных пунктов. Также поручено привести в порядок дороги.

Касым-Жомарт Токаев отметил важность привлечения к этой работе на регулярной основе жителей и волонтеров. По его словам, деятельность акимов будет оцениваться и по внешнему виду населенных пунктов и общественных пространств.

В целом руководители регионов должны заняться внедрением культуры поддержания городов в достойном и привлекательном состоянии.

Ранее Президент Касым-Жомарт Токаев по телефону заслушал доклады акимов Акмолинской, Актюбинской, Костанайской и Северо-Казахстанской областей.