Алматы қаласы Білім басқармасының
«№71 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
7 727 223 4468
Есепші бөлімі
7 727 223 4743
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша фильм көрсету.. Просмотр фильма по профилактике правонарушений
11
ақпан
2026

Құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша фильм көрсету.. Просмотр фильма по профилактике правонарушений

«Заң және тәртіп» қағидаты аясында 11 ақпан күні №71 мектеп-лицейінде 9–11-сынып оқушыларына арналған маңызды тәрбиелік іс-шара ұйымдастырылды.

Аталған іс-шара барысында оқушыларға құқықтық сауаттылықты арттыру, заң талаптарын сақтау және қоғамдық тәртіп мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Не книжные закладки» және «Хулиганка» атты қысқаметражды деректі фильмдер көрсетілді.

Фильмдерде жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың, буллингтің алдын алу, әлеуметтік қолдау мәселелері, сондай-ақ тәртіпсіздіктің салдары жан-жақты баяндалды. Көрсетілім барысында оқушылар заң талаптарын сақтамаудың жеке тұлғаға, отбасыға және қоғамға тигізетін кері әсері туралы маңызды ақпарат алды.

Іс-шара соңында оқушылармен пікір алмасу ұйымдастырылып, олар өз ойларымен бөлісті. Талқылау барысында жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығы атап өтілді.

Мұндай іс-шаралар өскелең ұрпақты жауапты, тәртіпті және саналы азамат болуға тәрбиелеуге ықпал етеді.

В рамках принципа «закон и порядок» 11 февраля в школе лицее № 71 в было организовано важное воспитательное мероприятие для учащихся 9-11 классов. В ходе данного мероприятия учащимся были показаны короткометражные документальные фильмы «Не книжные закладки» и «Хулиганка» с целью повышения правовой грамотности, соблюдения требований закона и формирования культуры охраны общественного порядка. 
В фильмах широко освещались вопросы профилактики правонарушений среди подростков, буллинга и социального обеспечения, а также последствия беспорядков. В ходе показа учащиеся получили важную информацию о негативном влиянии несоблюдения требований закона на личность, семью и общество. В завершении мероприятия был организован обмен мнениями с учащимися, которые поделились своими мыслями. В ходе обсуждения была подчеркнута важность формирования правовой культуры среди молодежи. Такие мероприятия позволяют подрастающему поколению быть ответственным, дисциплинированным и сознательным гражданином