13
қазан
2025
«Адал азамат» тәрбиелік бағдарламасы аясында өткізілген сынып сағаты. Программа воспитания "Адал азамат" . Классный час на тему: «Отанды сүю – отбасынан басталады».
Тақырыбы: «Отанды сүю – отбасынан басталады»*
Өткізілген күні:13 қазан
13 қазан күні «Адал азамат» бағдарламасы аясында «Отанды сүю – отбасынан басталады» тақырыбында сынып сағаты өтті.
Сынып сағаты барысында оқушылар отбасы құндылықтарының маңыздылығын, ата-ананы құрметтеу, туған өлкенің салт-дәстүрі мен мәдениетін сақтау туралы ой бөлісті. Патриотизмнің күнделікті өмірде қалай көрініс табатыны жайлы сөз қозғалып, Отанға деген сүйіспеншілік ең алдымен отбасына қамқорлықтан, адалдық пен жауапкершіліктен басталатыны ерекше атап өтілді.
Іс-шара барысында бейнематериалдар көрсетіліп, интерактивті сұхбаттар мен шағын пікірталастар ұйымдастырылды. Оқушылар өз ойларымен белсенді түрде бөлісіп, Отанға деген сүйіспеншіліктерін ата-аналарына құрмет, жақындарына көмек көрсету, мектеп пен қоғам өміріне белсене қатысу арқылы қалай білдіретіндерін әңгімеледі.
Іс-шараның мақсаты:
Оқушылардың азаматтық ұстанымын, патриоттық сезімін, еліне деген мақтаныш сезімін қалыптастыру, сондай-ақ отбасын адамгершілік пен рухани құндылықтарды тәрбиелеудің негізі ретінде түсінуіне ықпал ету.
13 октября в рамках программы воспитания «Адал азамат» прошёл классный час на тему: «Отанды сүю – отбасынан басталады», что в переводе означает «Любовь к Родине начинается с семьи».
На классном часу учащиеся обсудили важность семейных ценностей, уважения к родителям, традициям и культуре родного края. В ходе мероприятия были приведены примеры патриотизма, проявленного в повседневной жизни, и акцентировано внимание на том, что уважение к Родине начинается с малого – с заботы о семье, честности, добросовестности и ответственности.
Были показаны видеоматериалы, проведены интерактивные беседы и мини-дискуссии. Учащиеся с интересом делились своими мыслями о том, как они проявляют любовь к Родине в повседневной жизни через уважение к родным, помощь ближним и участие в жизни школы и общества.
Цель мероприятия:
Формирование у учащихся гражданской позиции, патриотизма, чувства гордости за свою страну и понимания роли семьи в воспитании моральных и духовных ценностей.


