Алматы қаласы Білім басқармасының
«№71 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
7 727 223 4468
Есепші бөлімі
7 727 223 4743
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Профилактикалық әңгіме. Профилактическая беседа
26
қыркүйек
2025

Профилактикалық әңгіме. Профилактическая беседа

2025 жылғы 26 қыркүйекте №71 лицейде 8–11-сынып оқушыларымен мектеп инспекторы Сатылхан А.Т. қатысуымен профилактикалық әңгіме өтті.
Кездесу барысында қазіргі уақытта өзекті болып отырған мәселе — кәмелетке толмағандардың «дроперлікке» байланысты алаяқтық схемаларға қатысуы сөз болды.

Инспектор «дроперлер» — қылмыстық жолмен алынған қаражатты шешіп алу үшін өз банк карталарын немесе жеке деректерін үшінші тұлғаларға беретін адамдар екенін түсіндірді. Көп жағдайда жасөспірімдер мұндай заңсыз әрекеттерге өздері байқамай араласып, алаяқтардың құрбанына айналады.

Сатылхан А.Т. мұндай әрекеттер үшін ҚР заңнамасына сәйкес қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын нақтылап айтып берді. Сонымен қатар, цифрлық қауіпсіздік, интернеттегі сақтық шаралары мен жеке деректерді бөтен адамдарға берудің қауіптілігі туралы мәселелерге ерекше назар аударылды.

Кездесу соңында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, осындай жағдайларға тап болмау жолдары бойынша пайдалы кеңестер алды.

Мұндай профилактикалық іс-шаралар жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттырып, қауіп-қатерді дер кезінде тануға көмектеседі.
26 сентября в лицее №71 состоялась профилактическая беседа  школьного инспекторп Сатылхан А.Т. д.  с учащимися 8-11 классов . Темой встречи стала актуальная проблема — участие несовершеннолетних в мошеннических схемах, связанных с "дроперством".
В ходе встречи инспектор объяснил, кто такие "дроперы" — люди, предоставляющие свои банковские карты или личные данные для обналичивания средств, полученных преступным путём. Часто подростки становятся жертвами мошенников, не осознавая, что участвуют в противоправной деятельности.
Сатылхан А.Т. подробно рассказал об уголовной и административной ответственности, предусмотренной законодательством Республики Казахстан за подобные действия. Особое внимание было уделено важности цифровой безопасности, осмотрительности при общении в интернете и недопустимости передачи своих персональных данных третьим лицам.
В завершение беседы учащиеся смогли задать интересующие их вопросы и получить практические советы, как избежать попадания в подобные ситуации.
Такие профилактические мероприятия способствуют формированию правовой грамотности у подростков и помогают вовремя распознать угрозу.