Жоғары сынып оқушыларымен педикулез және дерматомикоздардың алдын алу бойынша профилактикалық әңгіме. Профилактическая беседа с учащимися старших классов по вопросам педикулёза и дерматомикозов
Жоғары сынып оқушыларымен педикулез және дерматомикоздардың алдын алу бойынша профилактикалық әңгіме
71 лицей, 3 қыркүйек 2025 жыл
2025 жылғы 3 қыркүйегінде №71 лицейде жоғары сынып оқушыларымен педикулез (бит жұқпасы) және дерматомикоздардың (терінің саңырауқұлақ аурулары) алдын алу тақырыбында профилактикалық әңгіме өткізілді. Іс-шараның мақсаты – жасөспірімдердің жеке гигиена шаралары, тері ауруларының алғашқы белгілерін дер кезінде анықтау және медициналық көмекке уақытылы жүгінудің маңыздылығы туралы хабардарлығын арттыру.
Кездесу барысында оқушыларға:
1. Педикулез бен терінің саңырауқұлақ ауруларының пайда болу себептері мен таралу жолдары туралы;
2. Ауруды ерте кезеңде анықтауға көмектесетін белгілер туралы;
3. Алдын алу әдістері мен жеке гигиена ережелері туралы;
4. Ұжымда санитарлық нормаларды сақтаудың маңыздылығы туралы ақпарат берілді.
Әңгіме ашық диалог форматында өтті: оқушылар белсенді түрде сұрақтар қойып, тақырып бойынша өз білімдерімен бөлісті.
Мұндай іс-шаралар оқушылардың өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруға және мектеп ортасында жұқпалы аурулардың таралуының алдын алуға ықпал етеді.
3 сентября 2025 года в школе лицее №71 была проведена профилактическая беседа с учащимися старших классов на тему профилактики педикулёза и дерматомикозов. Мероприятие направлено на повышение осведомлённости подростков о мерах личной гигиены, раннем выявлении признаков кожных заболеваний и необходимости своевременного обращения за медицинской помощью.
В ходе встречи учащимся рассказали:
1. О причинах и путях распространения педикулёза и грибковых заболеваний кожи;
2. О признаках, по которым можно распознать заболевание на ранней стадии;
3. О методах профилактики и правилах личной гигиены;
4. О важности соблюдения санитарных норм в коллективе.
Беседа прошла в форме открытого диалога, учащиеся активно задавали вопросы и делились своими знаниями по теме.
Подобные мероприятия способствуют формированию ответственного отношения к собственному здоровью и предупреждению распространения инфекций в школьной среде.



