Алматы қаласы Білім басқармасының
«№71 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
7 727 223 4468
Есепші бөлімі
7 727 223 4743
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Городская августовская конференция «Образование будущего: честный гражданин - компетентный профессионал».
19
тамыз
2025

Городская августовская конференция «Образование будущего: честный гражданин - компетентный профессионал».

Алматыда «Болашақ білім беру: адал азамат – білікті маман» атты дәстүрлі қалалық тамыз конференциясы өтті. Іс-шараға педагогтар, қазақстандық және шетелдік сарапшылар қатысты.
Алматы әкімі конференцияға қатысушылар мен ұстаздарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады.
Дархан Сатыбалды Мемлекет басшысының бастамасымен 2025 жыл Жұмысшы мамандықтары жылы болып жарияланғанын атап өтті. Осы бағытта ауқымды жұмыстар қолға алынды: соңғы бір жылда қала колледждерінің материалдық-техникалық базасы 2,6 млрд теңгеге жаңартылды, WorldSkills стандарты бойынша 14 құзырет орталығы ашылды, жыл соңына дейін тағы 4 орталық іске қосылады.
Конференцияда білім берудің болашағы, жаңа экономикаға қажетті маман даярлау, STEM/STEAM тәсілдерін енгізу, оқушылардың қауіпсіздігі мен психологиялық денсаулығы, сондай-ақ, инклюзивті білім беру мен толеранттылықты дамыту мәселелері талқыланды.
Салтанатты бөлімде үздік педагогтар мен білім ұйымдары марапатталды. «Үздік білім беру ұйымы – 2025» сыйлығы №79 гимназияға табысталды.

***

В Алматы прошлая городская августовская конференция «Образование будущего: честный гражданин - компетентный профессионал». Мероприятие собрало работников образования, казахстанских и международных экспертов.
Аким Алматы поприветствовал участников и гостей конференции, а также поздравил педагогов с новым учебным годом.
Дархан Сатыбалды напомнил, что по инициативе Главы государства 2025 год объявлен Годом рабочих профессий - в этом направлении ведется масштабная работа. За последний год в Алматы обновили колледжи на 2,6 млрд тенге, создали 14 центров по стандартам WorldSkills, до конца года планируют открыть еще 4.
Обсудили будущее образования, подготовку кадров для новой экономики, интеграции STEM/STEAM, безопасность и психологическое здоровье школьников, а также развитие инклюзивного и толерантного обучения.
Вручили награды лучшим педагогам и организациям. Премию «Лучшая организация образования - 2025» получила гимназия №79.