23
мамыр
2025
Балаларды қорғау күніне арналған таңғы жаттығу! Утренняя гимнастика, посвящённая Дню защиты детей!
Балаларды қорғау күніне арналған таңғы жаттығу!
22 мамыр күні мектебімізде ең жарқын әрі мейірімді мерекелердің бірі —Балаларды қорғау күніне орай көңілді, белсенді және қуаныштытаңғы гимнастика өтті!
Таңертеңнен бастап мектеп ауласы көтеріңкі көңіл-күйге, күлкіге және шаттыққа толды. Оқушылар жаттығуларды ерекше қызығушылықпен орындады, өйткені зарядканы дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің жетекшілігімен мектеп парламентінің өкілдері өткізді.
Мұндай бастама — салауатты өмір салтын насихаттауда жоғары сынып оқушылары мен мұғалімдердің бірлесе жұмыс істеуінің керемет үлгісі. 💪
Таңғы жаттығу— бұл тек сергектік пен жақсы көңіл күй ғана емес, сонымен қатар белсенді әрі дені сау мектеп ортасын қалыптастыру жолындағы маңызды қадам. Мұндай іс-шаралар командалық рухты нығайтып, көңіл көтереді және балаларға қамқорлық қарапайым, бірақ маңызды әрекеттерден басталатынын еске салады.
Әр күніміз қимыл-қозғалысқа, шаттыққа және балаларға деген қамқорлыққа толы болсын!
Келе жатқан Балаларды қорғау күні құтты болсын!
\#БалалардыҚорғауКүні #СӨС #ТаңғыЖаттығу #МектепПарламенті #ДенеШынықтыру #71Мектеп #БалаларДенсаулығы #БалалықШақ
22 мая в нашей школе прошла бодрая, энергичная и радостная утренняя гимнастика, приуроченная к одному из самых светлых и добрых праздников — Дню защиты детей!
С самого утра школьный двор наполнился весёлой музыкой, смехом и улыбками. Учащиеся с удовольствием выполняли упражнения, ведь зарядку провели представители школьного парламента под руководством учителей физической культуры. Такая инициатива — прекрасный пример сотрудничества старшеклассников и педагогов в продвижении здорового образа жизни. 💪
Утренняя зарядка — это не только залог бодрости и хорошего настроения, но и шаг к формированию активной и здоровой школьной среды. Такие мероприятия укрепляют командный дух, поднимают настроение и напоминают, что забота о детях начинается с простых, но важных действий.
Пусть каждый день будет наполнен движением, радостью и вниманием к детям! С наступающим Днём защиты детей! 🎉
#ДеньЗащитыДетей #ЗОЖ #УтренняяГимнастика #ШкольныйПарламент #Физкультура #Школа71 #ЗдоровьеДетей #Детство #МыЗаботимся