Алматы қаласы Білім басқармасының
«№71 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
7 727 223 4468
Есепші бөлімі
7 727 223 4743
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 71-мектеп лицей оқушылары – Кеңес әскері Жеңісінің 80 жылдығына орай құрмет көрсетті.
14
сәуір
2025

71-мектеп лицей оқушылары – Кеңес әскері Жеңісінің 80 жылдығына орай құрмет көрсетті.

Бүгін, сәуірдің 10-ы күні, 71-мектеп лицей оқушылары мен ұстаздары 28-гвардиялық панфиловшылар саябағына арнайы барып, Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған еске алу шарасына қатысты.

Олар майдан даласында ерлікпен қаза тапқан жауынгерлерге тағзым етіп, мәңгілік алау жанына гүл шоқтарын қойды. Бұл — жас ұрпақтың ерлік пен елдікті дәріптеуге, батыр бабалар рухына деген құрметін білдіретін игі қадам.

Шара барысында оқушылар батырлардың рухына бір минут үнсіздікпен тағзым етті. Сонымен қатар, сынып жетекшілері ерлік жолы туралы тағылымды әңгімелер айтып, жас буынды патриоттық рухта тәрбиелеудің маңызын атап өтті.

Осылайша, 71-мектеп лицей жас ұрпаққа отансүйгіштік пен елжандылықты сіңіріп, тарихи жадыны жаңғырту жолында тағы бір үлгі көрсетті.