Алматы қаласы Білім басқармасының
«№71 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
7 727 223 4468
Есепші бөлімі
7 727 223 4743
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Бұрымды қыз" челлендж
27
қыркүйек
2024

"Бұрымды қыз" челлендж

Қазақ xалқының дүниетанымында бұрым — сұлулықтың белгісі, қыз-келіншектердің ары мен абыройы. Әрбір қыз баласын белінен төгілген бұрымы мен ақылына қарап бағалаған.
Бойжеткеннің шашын табиғатына қарай қолаң шаш, сүмбіл шаш деп, өріміне қарай жалғыз бұрым, қос бұрым деп атаған. Бұрымның ұшына алтын немесе күміс теңгелер мен моншақтар, қаз-қатар тігілген шашбау тағатын болған.  Олар иесі қозғалғанда, әсем дыбыстар шығарып, кермаралдай керілген сұлу қыздың жүрісіне үн қосып, ару сымбатын ажарлай түскен деседі.
 Мектеп-лицейдің 2024-2025 оқу жылында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы негізінде «Бірлік және Ынтымақ» құндылығын дәріптеу мақсатында Қыркүйек - «Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік» айының 11-і күні 5-сынып қыздары «Бұрымды қыз» челленджіне қатысты.
Мақсаты:
-Қазақ қызының ұлттық сипатын, қазақ қызына тән иба, инабаттылықты нәсихаттау;
-Ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту.