71-лицейдің мектеп парламентінің отырысы. Дублёр күнін жоспарлау.
Бүгін 71-лицейде мектеп директоры мен бастамашыл топтың қатысуымен Дублёр күніне дайындыққа арналған мектеп парламентінің маңызды отырысы өтті! Оқушылар бұл ерекше күнді өткізу идеяларын, рөлдерді бөлу мәселелерін талқылап, өз ұсыныстарын ортаға салды. Директордың қолдауы мен оқушылардың белсенділігі – бұл іс-шараның жарқын, жауапкершілікпен және есте қаларлықтай өтуінің кепілі! Біз шабытпен дайындалып, ұйымшылдықпен жұмыс істеудеміз — алда мектеп өміріндегі ең қызықты күндердің бірі! #71лицей