Жүректен жүрекке, беттен бетке» акциясы. Акция "Сердце к сердцу,
«ДосбоLike» бағдарламасы аясында мектептің психологиялық қызметі мен кітапханасы бірігіп, «Жүректен жүрекке, беттен бетке» атты игі акция өткізді. 📚✨ Акцияның мақсаты: Оқушылардың кітапқа — білім мен мәдениеттің қайнар көзі ретінде — құндылықпен қарауын қалыптастыру; сондай-ақ «ДосбоLike» бағдарламасы аясында мейірімді істер арқылы эмоциялық сезімталдықты, ізгілік пен жауапкершілікті дамыту. Бастауыш сынып оқушылары үлкен қызығушылықпен және қамқорлықпен мектеп оқулықтарын қалпына келтірді.